Кеңестік дәуірде қуғынға ұшыраған азамат Шымкентте тұрады

447
Аманқұл Күмісбеков, Кеңес дәуірінде қудаланған азамат

Аманқұл Күмісбеков кеңестік жүйе туралы әскерде жүргенде-ақ ашық айта бастапты.

Ата-анасының жалғыз асыраушысы бола тұра әскерге алынып, ал ауқатты отбасының балалары бармай қалғанын түрлі инстанцияларға жазып, жеті айда елге оралып, білімін жалғастырады. Одан кейін жарықсыз отырған ауылы туралы «Комсомольская правда», «Известия» газеттеріне жазып, ауылға электр берілуіне үлес қосты.

Леңгір аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы қызметінде азаматтық ұстанымы үшін қудалана бастады. Компартия басқарған елде еркін ойлы азаматтың болашағы жоқ екенін түсініп, отбасымен Бразилияға кетуге бел буды.

Осы кезеңнен жас отбасының отағасына билік тарапынан қудалау өрши түсті. Аманқұл Күмісбеков Кеңес Одағының диссидентерге кең қолданатын тәсілін басынан өткерген. 1972 жылы оны сыртынан психоневрологиялық есепке қойып, билік жынды атаған. Алайда, Аманқұл ағаны бұл шыңдамаса, сындырған жоқ. Мәскеуге дейін барып-жүріп, ақыры өз құқын қорғап, басына жабылған бәледен арашалап алды. Кеңестік биліктің тоталитарлық жүйесіне қарсы күресте Аманқұл ағаға жұбайы мен балалары демеу болды. Ділдәгүл апа қиындыққа мойымаған отағасының бүгінде немерелері арасында жүргеніне шүкіршілік етеді.

Шынар Оразова