Шымкент қаласының әкімі сайлауда өз таңдауын жасады

154

Қаламыздағы №92 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден жұмысын бастады. Алғашқылардың бірі болып Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өз таңдауын жасады.

Қала әкімі тілшілермен әңгімелесу барысында бұл күн өзі үшін аса маңызы зор екендігін айтты. Халық өз президентін таңдау арқылы болашағын да таңдайды.

«Бұл саяси іс-шара – еліміз үшін өте маңызды. Сондықтан да әріптестеріммен бірге келіп дауыс беруді ұйғардым. Бұл – болашағымды таңдау. Барша қала тұрғындарын дауыс беруге шақырамын. Бәрінде өз таңдау құқығы бар»,- деді Ғ.Әбдірахымов

№1 А.С. Пушкин атындағы мектеп-гимназиясындағы №92 сайлау учаскесінде бүгін 2504 адам дауыс бермек. Бақылаушылар жұмыс істеуде.