Бүгін, 3-маусымда, Шымкенттегі «Қырғы базар» аумағында екі қоғамдық көлік соқтығысты.

Олардың біреуі — №32 бағыттағы автобус болса, жол апатынан кейін екінші автобус жүргізушісі бағыт санын көрсететін таблоны алып тастаған. Оқиға куәгерлерінің айтуы бойынша, екі автобустың ортасында қалып қойған жаяу жүргінші қатты зардап шеккен.

Жергілікті саудагерлердің айтуы бойынша, зардап шеккен адам жүргізушілерге сәтті сапар тілеп, нәпақа тауып жүрген. 47 жастағы азамат жедел жәрдеммен ауруханаға жөнелтілген.

Оған қоса, автобус кондукторы да ауруханаға жатқызылды, дәрігерлер зардап шеккен азаматтан жабық бас жарақатын анықтады.