Шымкенттің әкімі талап қойған арыстықтармен кездесті

101

Жарылыстан зардап шеккен халық Арысқа қайта бармаймыз деп базынасын айтып Темірлан тас жолын жапты! Апатты жағдай кез – келген уақытта қайталанады деген үрей басым. Халықтың жауаптыларға нендей талап қойғанын тілші тарқатады.

Арыс қаласынан қорқып қалған халық Шымкенттен жер телімін немесе үй салып беруді талап етіп отыр. Халықтың жанайқайын тәртіп сақшыларынсыз тыңдауға келген Ғабидолла Әбдірахымов нәубәт көрген жұртшылықтың пікіріне құлақ асып, мәселенің жақын арада шешілетінін жеткізді.

Алайда, қала әкімі айтылған мәселелер құзырына кірмейтінін айтып, Үкімет тарапынан шешімі табылатынын жеткізді. Сонымен қатар, Арыс қаласынан қашып келген халықты тамақпен, сумен және жатар орынмен қамтамасыз ету басты мақсаты екенін түсіндіруге тырысты.

Жолды жапқан жұртшылық бұл мәселе президент тарапынан шешілуін талап етіп отыр Халық пен билік арасындағы диалог дұрыс бағытта өрбімеген соң орталық мешіттің имамы құран оқып жиналғандарды сабырға шақырды.

Жұртшылық жиналған Ақмешітке Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердік Сапарбаев келді. Радиация жайлы қауесетке дүрлікен Арыс тұрғындары облыс басшысына да басқа қалаларға көшіру туралы талап қойды. Көпшіліктің сөзіне Өмірзақ Шөкеев Арыста ешқандай радиция жоқ екенін жеткізіп, зақым келген үйлерді мемлекет толығымен қайта салып беретінін айтты. Түркістан облысының әкімі ертең Арыс қаласының ашылып, тұрғындардың қалаға кіргізілетінін де жеткізді.

Ғалымжан Кенжебек