Үш жасар қыздың өліміне қатысы бар күдікті ұсталды

350

Шымкент қаласы Полиция департаментімен 3 жасар қызды көрiнеу көмексiз қалдырған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 119-бабы 3-бөлігі бойынша қайта дәрежеленді.

Өткізілген тергеу амалдарының нәтижесі бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы материалдар Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотына ұсынылады.

Бұрын хабарланғандай, сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша жасөспірім қыздың өлімі  биіктен құлау нәтижесінде құсу массасының механикалық асфиксиясынан, яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болған.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда және Шымкент қаласының Полиция департаменті мен қала прокуратурасы басшылығының бақылауына алынды.