Созақта күн электр станциясының қазығы қағылды

312
Созақ күн электр станциясы
Созақ күн электр станциясы

Түркістан облысы Созақ ауданында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның қолдауымен аймақтағы ең үлкен күн электр станциясының құрылысы басталды. Қуаттылығы 50 МВт болатын стация жылына 114 млн КВт электр энергия өндірілмек.

Жалпы құны $60 млн құрайтын жоба «Risen Energy» (ҚХР) шетелдік инвестордың қатысуымен іске асырылып жатыр. Жоспар бойынша станция келесі жылдың басында пайдалануға беріледі. Іске асыру барысында инвесторлар шамамен 400 жұмыс орын құруды жоспарлап отыр. Аталған жобаның құрлысы кезінде 151 мыңнан астам күн панельдерді орнатылуды жоспарланып отыр.

«Өздеріңізге белгілі Түркістан облысының электроэнергия тапшылығы Қазақстанның солтүстігінен қосымша электроэнергия әкелу арқылы қанағаттандырылады. Бұл жағдайда баламалы энергия көздеріне инвестиция салу өңіріміздің энергетикалық тәуелділігін азайтады және қоғамға көптеген пайдасын тигізеді. Қуантарлығы облысымызда жылына 3 000 сағаттан аса күн шығып тұрады және өңіріміз күн электростанцияларын салуға өте қолайлы», — деді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ аймақтық директоры Даулетқожа Мамыров.

Айта кету керек, Risen Energy компаниясының өкілдері үшін бұл Қазақстандағы тұнғыш жоба емес. Осыдан бұрын инвесторлан Қарағанды облысында қуаттылығы 40 МВт болатын күн электр станциясын іске қосты. Қазақстандағы жобалардан бөлек Risen Energy компаниясы күн энергетика саласында бірқатар елдерде өз жобаларын іске асырды: Австралия – 130 МВт, Мексика – 120 МВт, Вьетнам – 50 МВт және Непал – 25 МВт.

«Risen Energy» компаниясының бас менеджері Чемпион Юань: «Қазақстан ивестиция салуға қолайлы мемлекен екенін көзіміз жетті. Жобаға қаражат салғанда, біздің инвестициямыз қорғалған және өз жемісін беретініне сенімдіміз. Kazakh Invest компаниясының қодауың аса бағалаймыз. Қазақстанда осында компания бар екеніне біз қатты қуаным отырмыз».

Анықтама: Risen Energy компаниясы күн модульдерді және тағы басқа күн фотоэлектрлік өнімдерді өндіреді. Күн модульдер және элементтерінің жыл сайынғы өндірістік қуаттылығы 8,6 ГВт-қа жетіп отыр. Бұл көрсеткіш компанияны 1-ші деңгейлі компанияларының ондыққа кіргізіп отыр. Risen Energy компаниясында TUV, UL, CE, GS, ROHS, REACH, PAHS секілді стандарттармен CNAS-да сертификатталған өзіннің тәуелзіс PVAS зертханасы бар. Компанияның жылсайынғы тауар айналымы $1,7 млрд-қа жетіп отыр.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйым болып саналады. «KAZAKH INVEST» Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіретін «бірыңғай келіссөзші» және инвестициялық преференциялар нысанында инвесторларды мемлекеттік қолдауды және инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қоса алғанда мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай пунктінің рөлін атқарады.