Тауға шыққан туристің жүрек талмасы ұстап, қайтыс болды

295

Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округіне қарасты Сайрам су шатқалында 59 жастағы ер адам жүрек талмасы ұстап, қайтыс болды. Тау шатқалына үш турист демалуға келген.

Маусымның отызы күні туристер тобы төменгі көлге көтерілген кезде 59 жастағы ер адамның жүрек ұстамасы басталады. Серіктері жедел жәрдем қызметін шақырған. Алайда дәрігерлер уақытында жеткенімен тауға көтеріле алмаған.

«30 маусымда сағат 13:46-да азамат Ш. Рафиковтан​ келіп түсті, ол Түркістан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округінің Сайрам-су шатқалында 3 адамнан тұратын демалушы туристер тобы төменгі көлге көтерілген кезде Шымкент қаласының тұрғыны 1960 ж. т. ер азаматтың жүрек ұстамасымен нашарлады. Шақырылған жедел жәрдем бригадасы тауға шыға алмады. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы шықты. Аталған мекенжай бойынша құтқарушылар 16.26-да келіп, іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. Кешкі уақыт сағат 19.13-те 1960 ж.т. ер адамның денесі табылды,»-деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Кешкі сағат 21.20-да құтқарушылар жұмысын аяқтап, ер адамның денесін полиция қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне табыстаған.