Теректі ауылында тауға шығып, адасып қалған ағайынды екі адамды құтқарушылар іздеп тапты. Олардың бірі – зейнеткер. Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, тұрғындар күндіз тауға көтерілген. Кеш қарайғанда төмен түсе алмай, тығырыққа тірелген. Сөйтіп төтеншеліктерден көмек сұраған. Мамандар зардап шеккендермен баланысып, олардың тұрған жерін анықтаған.
Тұрғындар айтарлықтай зардап шекпегендіктен медициналық көмекті қажет етпеді. Бірақ, қорқып қалдық дейді олар. Және тауға шығудың өз қиындығы бар екенін айтады. Төтеншеліктер, тауға шығатын кезде абай болуға шақырады.
Дилара Иса






