Қала әкімінің әлеуметтік желілерде екі ресми аккаунты ғана бар

280

Шымкент қаласы әкімінің атына жолданатын өтініштегі көтерілген мәселеге дер кезінде көмек көрсету мақсатында қала әкімінің баспасөз қызметі барлық сауалдарды әкімдіктің ресми shymkent.gov.kz сайтындағы «Виртуалды қабылдау» арқылы жолдауды сұрайды.

Қала әкімінің атынан ашылған жалған парақшалар арқылы оқырмандар тарапынан келген сауалдарға заңсыз жауап беріліп отырғандықтан өтініштер тек қана «Виртуалды қабылдау» мен WhatsApp (87778858513) нөміріне және Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 10 мекенжайында орналасқан «Халықтық кеңсе» арқылы қабылданып, тиісті мерзімде заң аясында жауап берілетінін хабарлайды.

Еске саламыз, Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтахановтың әлеуметтік желілерде екі ресми аккаунты ғана бар. Яғни, Facebook әлеуметтік желісінде – (Erlan Aitakhanov), ал Instagram-да @erlan_aitakhanov болып тіркелген. Осы екі ресми парақшадан басқаларының барлығы жалған аккаунттар болып табылатынын мәлімдейміз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі