«Мектепке жол» акциясына «ПетроҚазақстанОйлПродактс» компаниясы қолдау жасады

306
№99 мектепте "Мектепке жол" акциясы өтті

«Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы Шымкентте «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» ұранымен бастау алды.

Бүгін Қарабастау елдімекеніндегі №99 мектепте өткен акция барысында аз қамтылған және көп балалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мектеп формасы табыс етілді. Демеушілер қатарында кәсіпкерлер, «ПетроҚазақстанОйл Продактс» серіктестігі бар. Қарабастау елдімекеніндегі №99 жалпы орта мектебіндегі шара «Балаларға мейірім сыйлайық» айдарымен өтті.

Жаңа оқу жылының алдында ұйымдастырылған жиында балаларды мектепке дайындау мәселесі талқыланды. «Мектепке жол» акциясына білім ошағының басшылығы демеушілерді шақырыпты. Алғашқылардың бірі болып ат салысқан Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты. Білім ошағының 40 баласын киіндіруді ұйғарыпты.

Айдарбек Исахан, №99 мектептің  оқушысы: «Бүгін мектеп формасын сыйлады. Ағаларымызға рахмет. Оқуымды жақсы оқуға уәде беремін».

Мектепке жол қайырымдылық акциясы барысында көпбалалы, аз қамтылған отбасыларының және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларына мектеп формасы, оқу құралдары табыс етілді.

Айымгүл Ахымбекова, №99 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: «130 баланы демеушілердің есебінен, 70 баланы мемлекеттің көмегімен киіндірдік. Үнемі қолдау көрсететін «ПетроҚазақстанОйлПродактс» серіктесітігіне қамқорлықтары үшін алғысымыз шексіз».

Мұнай өңдеу зауыты №99 мектептен бөлек, Қарабастау елдімекеніндегі №94, №96 мектептердің балаларын мектепке дайындауға қолдау көрсетіп қана қоймай, аталған оқу ошақтарын интертақта, компьютер және қажетті құрал жабдықтармен қамтып келеді.

Шынар Оразова