Бақшасында сора еккен күдікті құрықталды

167

2019 жылдың 31 – ші тамыз күні Жетісай аудандық Полиция бөлімі «КӨКНӘР»рейдтік операциясын ұйымдастырды. Іс шараға полиция қызметкерлері, кинологтар қатысты.

Нәтижесінде, Жетісай ауданы, Қазыбек би а/о, Құрбан ата елді мекенінің К. азаматының үйінен 333 түп тыйым салынған, құрамында есірткі құралы бар сора өсімдіктері заңсыз егіп өсіргендігін анықтап, сондай- ақ тұрғын үйінің аумағына аса ірі мөлшерде жалпы салмағы 26 кг. 460 гр. болатын көкнәрдың сабандары, аса ірі мөлшердегі жалпы салмағы 14 кг. 580 гр. болатын кептірілген марихуананы заңсыз сақтап, үйдің сарайы ішіне жалпы салмағы 1 гр. 480гр. болатын кептірілген марихуананы қаптарға салып, сату мақсатынсыз өзінде сақтағаны анықталды.

К. есімді азамат ҚРның Қылмыстық Кодексінің 300 бабының 2 бөлігінің 3-тармағында, 296-бабының 4- бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған.
Жоғарыдағы аталған есірткі толық жойылып, казіргі таңға тергеу жұмыстары жүргізілуде.