Жетісайда 40 жыдан бері жөндеу көрмеген каналдар тазаланып жатыр. Бұл үшін арнайы техника тартылыпты. Мамандар каналдарды тазалау шаруаларды сумен уақытылы әрі сапалы қамтамасыз ететінін айтады.
Түркістан облысы Жетісай ауданында 40 жылдан бері жөндеу көрмеген 3 каналды тазалай бастады. Тазалауға «Қазсушар» кәсіпорнының жергілікті филиалы кіріскен. Бұл шаруаларды сумен уақытылы әрі сапалы қамту үшін маңызды дейді мамандар. Ал шаруалар бұған дән разы.
Каналдарды тазалауға 600 техника жеткізілген. Дәл қазір К-21 каналын тазалап жатыр. Бұл каналды үш ауылдық округ тұрғындары пайдаланады. Олардың 13 мың гектар суармалы жері бар. Ал К-25 және К-34 магистральды каналында механикалық тазалау жұмыстарын жүрген.
НАДЕЖДА РУДИК, К-21 КАНАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-ГИДРОМЕТРІ: «Ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Қанша жылдан бері бірінші рет механикалық тазалаудан өтіп отыр. Толық жасалды. Бұл каналда 40 жылдан астам уақыт жұмыс істеймін. Мұндай ауқымды іс бірде бір рет жасалмаған».
Каналдардың жалпы көлемі 70 шақырым. Оның 34 шақырымнан астамын тазалау жоспарлаған. Жалпы бұл каналдармен аудандағы 40 мың гектарға жуық суармалы жерге ағын су жеткізіледі.
Дилара Иса






