Úı ANONS Дәрігерлер өрттен аман қалғандардың жағдайы туралы хабарлады

Дәрігерлер өрттен аман қалғандардың жағдайы туралы хабарлады

фото 018.kz
18 қарашада Жетісай ауданында орын алған өртке байланысты өңірдің медициналық қызметі зардап шеккендерге жедел түрде көмек көрсетуді бастады. Медициналық мекемелерге үш адам – екі ересек және бір бала жеткізілді. Барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізілуде, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында.
Жедел медицина желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілді. Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілді.

«Науқастар толыққанды жансақтау шараларын алып жатыр және мамандандырылған мамандардың үнемі бақылауында. Науқастар толыққанды жансақтау шараларын алып жатыр және мамандандырылған мамандардың үнемі бақылауында», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау департаменті.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең 18 қарашада екі қабатты жеке үй толығымен өртеніп, 12 адам, оның ішінде тоғыз бала қаза тапты. Үшеуі эвакуацияланды. Өрттің себебі анықталуда.