Батыр – аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау проактивті форматқа өтуде

190
фото Егемен Қазақстан

Бүгінгі күні қолданыстағы заңнамаларға сәйкес «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш білдіреді.

Көрсететін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен 2019 жылдың 9 тамызы күні «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналарға осы айдан бастап мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау, мемлекеттік көрсетілетін қызметті проактивті көрсетуді пилоттық режимде іске қосу туралы бірлескен бұйрық қабылданды.

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталғандардың жеке жүгінуінсіз мобильді азаматтар базасына тіркелгендерге ғана проактивті түрде қызмет көрсетіледі.

Алайда айта кететін жағдай, қызметтер мобильді азаматтар базасында тіркелген азаматтарға ғана проактивті түрде көрсетіледі. Ол үшін ЭЦҚ-ға қол қою арқылы ұялы телефонының нөмірін Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе egov.kz порталында бір рет тіркеу жеткілікті. Мұндай тіркеуден өтпеген адамдар мемлекеттік қызмет көрсетуге тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сол қалпында, бұрыңғыдай тәртіппен өтініш білдіреді.