Бокстан қаламызда халықаралық турнир жалауын көтерді

148

Олег Круговтың құрметіне басталған бәсеке тұңғыш рет ұйымдастырылды. Ал, оған қатысушылар еліміздің әр аймағы мен Өзбекстан Ресупбликасынан келген.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Олег Круговтың құрметіне басталған жарысқа 200-ден астам өрен жиналды. Солардың бірі – Алдияр Баһадүр. 12 жастағы жеткіншек дәл осы жарыста әділқазылар көзіне ерекше түскен.

Алдияр Баһадүр, жарыс қатысушысы: «Менің бокспен айналысып жатқаныма 3 жыл болды. 3 жылда 12 кездесу өткіздім. Барлығында да жеңіске жеттім. Мен осы жарыста чемпион болғым келеді. Оған 1 ай дайындалдым».

Қазақстандық жас портшылардан бөлек бәсекеде өзбекстандық атлеттер де бұл додада бас жүлдеден дәмелі.

Олег Кругов, жарыс иесі: «Бүгін жарысқа келген жас спортшылардың аяқ алысын көріп қайран қалдық. Кейінгі буынның деңгейі мықты. Қарсыластарынан қаймықпайды».

12 және 13 жас аралығындағы жасөспірім боксшылар бәсекесі 4 күнге жалғаспақ.

Назерке Үкібасова