Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу науқаны басталды

446

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік барашаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігі туралы жариялады.

Президент тарапынан Қазақстанда алғаш рет дарынды жастар қатарынан іріктелген азаматтарды басшы лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі беріліп отыр. ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы бастаманың бас үйлестірушісі болып табылады.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық жас қазақстандықтар резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалу мақсатында онлайн платформа арқылы өтінімдерін жолдауды бастады.

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегі күні сағат 17:00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мамандары «Арбат» демалыс аймағында «Президенттік жастар кадр резервіне» үміткер болып табылатын барша азаматтарға толыққанды ақпаратты ұсына отырып, көрнекі түрде онлайн платформаға құжаттарды енгізу бойынша кеңес беру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іріктеу барынша ашық өткізіледі, оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жас азаматтар қатыса алады.

Резервке қосылуға ынталы азаматтар үшін бірнеше кезеңнен өтуі қажет:
кандидаттардың теориялық білімдерін тестілеу;
көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқарасын, үміткерлердің уәждемесі мен құндылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, сұхбаттан өту және бағалаудың басқа да құралдары);
Президент Әкімшілігінің Сарапшылық комиссиясында әңгімелесу;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қарау.

Шара барысында Департамент басшысы Көмекбаев Әли Амантайұлы болашақ басшы жастармен кездесіп, олардың еліміздің дамуында шешуші рөл ойнайтын және ілгерілеудің қозғаушы күші болып табылатынын айтып, пікір алысты.