Шымкенттік дәрігерлер испандықтармен меморандум түзді

96

Шымкенттік дәрігерлер Еуропа елдеріндегі үздік медициналық технологияларды қолдана отырып, күрделі оталар жасайды. Бүгін қалалық кардиологиялық орталықта жергілікті дәрігерлер мен испандық әріптестері арасында меморандум түзілді.

Әріптестік құжатқа кардиологиялық орталықтың директоры Ермағанбет Қуатбаев пен Барселона қаласындағы «Iberhospitex S.A.» компаниясының даму бойынша директоры Джулия Прусачык қол қойды.

Мұндағы мақсат – үшінші мегаполистегі медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын соңғы үлгідегі жабдықтармен нығайту. Бұған қоса екі жақты келіссөз нәтижесінде шымкенттік дәрігерлер Испаниядағы медициналық ұйымдарда тәжірибе алмасып, біліктілік шыңдайды.

Сондай-ақ, бүгін кардиологиялық орталықта ашық есік күні өтті. Ақ халаттылар қала тұрғындарын таңғы сағат тоғыздан бастап қабылдап, жүрек аурулары мазалаған науқастарға түрлі диагностикалық тексеру жұмыстарын жүргізді.

Медициналық ұйымда өткен ашық есік күні 29-қыркүйек халықаралық жүрек күніне орай өткізілді. Сондай-ақ, атаулы күнге орай кардиологтар сенбі, жексенбі күні Шымкент қаласында өтетін жүгіру марафонына қатысады.

Лаура Нақыпқызы