Түркістан облысында 3 жасар бүлдіршін улы химикат ішіп қайтыс болды

219

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше қайғылы жағдай Қазыбек би ауылында болған. Кішкентай қыз бала сусын бөтелкесіне құйылған улы химикатты ішіп қойған. Науқастың ауруханаға жеткізілген сәттегі жағдайын мамандар ауыр деп бағалапты.

Бөбектің тыныс алу мүшелері күйген және жүрек қан тамырлары да айтарлықтай зақымданған. Науқастың жағдайың ауыр болуына байланысты екі рет облыстағы орталық санитарлық авиациямен токсиколог және реаниматолог дәрігерлер шақыртылған.

Десе де, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалу мүмкін болмапты. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Меруерт Ахан