Заңсыз миграция ұйымдастырмақ болғандар ұсталды

73
фото egemen.kz

Өткен түнде шекарашылар Сарыағаш шекара отрядының «Бағыс»шекара заставасына қарасты аумақта, шекара бағанына жақын жерде екі автокөлікті тоқтатты. «Volkswagen Golf» және «Ваз -2106» автокөліктерінен 4 қазақстандық және 6 Өзбекстан азаматтары ұсталды.

Өзбекстандықтар Мемлекеттік шекара режимін бұзғандары үшін ұсталса, жерлестеріміз заңсыз миграция каналын ұйымдастыру бойынша күдікке ілініп отыр.

Мемлекеттік шекараны бетке алып түн қараңғылығымен жүйткітіп келе жатқан көліктердегі «жылпостар» көрші мемлекеттің елдеріне асыққан азаматтарын заңсыз жолмен шекара асырып жіберуге алып келе жатуы әбден мүмкін. Оларға «Ел іргесі», «Мемлекеттік шекараның беріктігі» сияқты асқақ ұғымдарға қарағанда ақша қымбатырақ болуы өкінішті ақ. Істің анық-қанығын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тексеретін болады.

 

QAINAR KÓZҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі