Қызылқұмның әкімі 500 мың теңге пара алу үстінде құрықталды

734

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылдық округінің әкімі жергілікті тұрғыннан 500 мың теңге пара алу үстінде құрықталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің мәліметінше, Қызылқұмның әкімі қомақты қаржыны жергілікті тұрғыннан баспана салуға жер телімін бергені үшін алмақ болған.Агенттік қызметкерлері шенеунікті өзінің жұмыс орнында, кабинетінде ұстаған. Және пара ретінде алған «тұздығы» (бес жүз мың теңге) да сондағы сөрелерден табылған.

Мөлдір Бекеева