Головкин жекпе-жек өткізу үшін Нью-Йоркке келді

104

Қазақстандық Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасу үшін Нью-Йоркке келді.

30-қыркүйекте Головкин The Breakfast Club радиобағдарламасының қонағы болып, танымал Sport Illustrated басылымына сұхбат берді.

Головкин – Деревянченко кездесуі 5-қазанда Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегі болады. Боксшылар IBF және IBO титулдарын сарапқа салады.

Шоудың андеркартында жеті кездесу болады – олардың бірінде қазақстандық Али Ахмедов америкалық Эндрю Эрнандеспен жұдырықтасады.

Дереккөз: Vesti.kz, tengrinews.kz.