Күнгейден Алматыға азық-түлік керуені аттанды

70

Азық-түлік керуені жолға шықты. Керуендегі өнімдер 19-20 қазан күні Алматыда жәрмеңкеде сатылмақ. Түркістан облысы бойынша жалпы көлемі 210 тоннаны құрайтын өнім оңтүстік астана тұрғындарына сатылмақ

Алматыға жөнелтілген өнімдердің 112 тоннасы жеміс-жидек. Ал, ет өнімдері – 45 тонна. Одан бөлек бақша өнімдері, картоп, сүт өнімдері мен көкөніс.

Аграрлы аймақ Түркістан мен Алматы облыстарының арасында екі жаққа да тиімді келісім бар. Екі миллиондай тұрғыны бар мегаполис арзан жеміс-жидек және етпен қамтылады. Ал түркістандық диқанға өз өнімін өткізген пайда.

Жалпы көлемі 210 тоннаны құрайтын ауыл шаруашылық өнімдері бар керуен Алматыға қарай жолға шықты. Жәрмеңке Алматыда 19-20 қазан күндері өткізіледі. Шараға қатысуға 40 өнім шығарушы дихандардың азық-түлігі ұсынылады.

Гүлнұр Әмірәлі