Кілем жәрмеңкесі: Сатып алушылар арзан бағаға риза

892

Шымкентте өтіп жатқан кілем жәрмеңкесіне келушілер саны күн санап көбейіп келеді. Қазір клиенттердің саны 15 000 адамға жеткен. Жермеңкеден кілем алу үшін еліміздің өзге өңірлерінен де келіп жатқандар бар. Тоқыма өнімдерінің түр-түрін таңдап алған тұтынушылар риза.

Шымкенттегі жәрмеңкеге келушілердің қарасы көп. Күні бүгінге дейін 15 мың сатып алушы келіп үлгеріпті. Себебі баға биыл өткен жылдардағыдан да төмен. «Ал сапасы тіпті керемет», дейді сатып алушылар.

Көрмеге былтыр да келген Дина Аманова бүгін тағы осында. Кейіпкеріміз кілемдер бағасының базардағыдан әлдеқайда арзан екенін айтады.

Дина Аманова, қала түрғыны: «Жақсы. өте жақсы. Өзімізге ұнайды. Халыққа ыңғайлы. Ойдағыдай бағамен сатып жатыр. Қымбат емес».

Тоқыма өнімдерінің түр-түрі осында. Таңдау кең. Тұтынушылар талғамы мен бағасына қарай тауарларды шертіп жүріп таңдай алады дейді ұйымдастыпрушылар.

Орынбек Ердос, «Бал Текстиль» компаниясыныңң коммерциялық директоры: «Құдалыққа түрлі салт-жоралғыларға алады көбіне. Мерекелерге алады. Көтерме бағамен алатындарды біздің қоймаға жіберіп жатырмыз».

Кілем сатып алу үшін арнайы клиенттер Қызылорда, Тараз, Ақтөбе, тіпті Нұр-Сұлтан қаласынан келіп жатқандар бар. Арзан бағадағы тауарлардан сіз де құр қалмаңыз. «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан «Көрме» орталығындағы жәрмеңке 13 қазанға дейін жалғасады.

Меруерт Ахан