Леңгір қаласында ұйымдастырылған жәрмеңкеге жылдағыдан көп адам жиналды. Төлебиліктерден басқа өзге аудандардан келушілердің саны басым болды. Ұйымдастырушылар дәл осындай сұраныс боларына өздері сенбепті.
Жәрмеңкеде сатылымға шығарылған өнімдер айрықша күтіммен баптап өсірілген. Құрамында химикаттар қоспасы жоқ деп сендірді сатушылар. Таудан аққан таза сумен сусындаған жеміс жидектер сауда сөресінде көп тұрған жоқ. Тез сатылып кетті.
Мария Павловна, қала тұрғыны: «Осыдай жәрмеңке жиі ұйымдастырылса. Бағалар қол жетімді, сапалы өнімдер. Сатушылар бізді шын мәнінде қуантты».
Ет сатушылары да жәрмеңкендегі өнімдерге сұраныстың осыншама жоғарғы болатынын білмеген. 50 кг етті сата аламыз ба деген күдікпен келгендер, бірер сағаттың ішінде сүйек- саяқты сыпырып жатты. 20 мыңнан астам адам жинаған жәрмеңке ұйымдастырушылары келесі жолы тауар мөлшерін көбейтуді жоспарлап отыр.
Ағымдағы жыл аудан үшін жемісті болды. Дәнді дақыл мен бау-бақшалар екен диқан үшін берекелі жыл болды. Сондықтан төлебилік тұрғындар қысқа тас-түйін қамданып алдық дейді.
Ғалымжан Кенжебек