«Шымкент – қайырымды қала»: Цирк ұжымы бастамаға қолдау білдірді

217

Қайырымдылық – қайырлы іс. Миллионды қаланың мүмкіндігі шектеулі және аз қамтылған отбасының балаларына «Шымкент- Цирк» ұжымы мен қалалық ІІД ерекше сый тарту етті. Қала әкімі Ерлан Айтахановтың Шымкент – қайырымды қала» бастамасын алғаш болып қолға алған ұжымдар баршаны қайырымдылыққа шақырды

Тағдыры талқыға түскен бүлдіршіндерге алдымен тәттілер үлестірілді. Цирк әлемінің ғажайыптарын көруге келген балғындардың қуаныштары одан әрі еселене түсті
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов ғұлама Әл Фарабидің «Қайырымды қаланың тұрғындары» атты белгілі философиялық трактатына сүйене отырып, Шымкент қаласына «Қайырымды қала» деген балама атау ұсынған болатын. Ұйымдастырушылар қайырымдылық жасауға өзге де ұжымдарды шақырады.

Бұл бастаманы алғаш болып қолға алған «Шымкент-Цирк» ұжымының манежінде акробаттардың әуедегі ерекше трюктер, жыртқыш аңдар мен асыл тұқымды жануарлардың қызықты нөмірлері мен сайқымазақтардың елең еткізер ойындары ұсынылды. Цирк әртістерінің ерекше өнеріне тәнті болған балғындар, көтеріңкі көңіл күймен қайтты.

Гүлнұр Әмірәлі