Шымкентте «GOODYEAR» доңғалақ орталығы ашылды.

690

Қыс мезгілі жақындағанда көлік жүргізушілер қай жерден тиімді және сапалы дөңгелек ауыстыруды іздейді. Енді оны уайымдаудың қажеті жоқ. Өйткені, Шымкентте жаңа «GOODYEAR» дөңгелек орталығы ашылды. Мұнда қол жетімді бағадағы және сапалы дөңгелектерге ие бола аласыз.

Бұл – «Кама-Қазақстан» дистрибьюторлық компаниясының Шымкенттегі 27-ші бөлшек сауда желісі. Компания доңғалақ сатудан бөлек, көліктерге жолда қызмет көрсетумен де айналысады. Өз тұтынушыларына сапалы өнім ұсыну үшін «Кама-Қазақстан» компаниясы әлемнің жетекші доңғалақ өндірушілерімен серіктестік орнатқан.

Владислав Голоухов, «Кама-Қазақстан» сауда үйінің директоры: «GOODYEAR» дөңгелектері жеңіл және жүк көліктеріне де ұсынылған. Мына жерде бірнеше автопарктер бар. Біз олардың барлығымен келісімге келдік. Енді оларды дөңгелектерді сату және жөндеу жұмыстарымен қамтамасыз етеміз».

Орталықта сатылымға қойылған брендттік өнімдер көліксүйер қауымға кең танымал. Ресейлік «Кама» маркалы шиналардың бағасы қымбат емес, бірақ сапасы жоғары болғандықТан бүгінде Қазақстанда ең көп сұранысқа ие.Амангелді Аханов, тұтынушы: «Осындай жаңа дөңгелек дүкенінің ашылғанын мен кездейсоқ білдім. Барлығын көріп, енді сатып алуға бел байладым. Ең бастысы алып- сатарлардан емес, арнайы дистрибьютордан сатып алып жатырмын».

Ең алғашқы тұтынушы ретінде Аида Аманқұловаға бұл дөңгелек орталығы сертификат сыйлады. Енді ол көлігіне кез-келген шиналарды тегін ала алады.Аида Аманқұлова, тұтынушы: «Біз бірінші рет келіп тұрмыз. Ал бізге сертификат сыйлады. Оған кез-келген дөңгелекті таңдай аламын. 30 литр жанармайды да сыйлады».

Дүкен енді ашылғанына қарамастан, мұнда келушілердің қарасы көп. Қыс жақындаған сайын көліксүйерлер темір тұлпарының доңғалағын ауыстыруға асығады. «GOODYEAR» шина орталығы жылдам және сапалы қызмет көрсетуге дайын.