Шымкентте «Мектептерде ақша жинауға жол жоқ» акциясы бастау алды

317

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен қалалық білім саласындағы бақылау департаменті білім беру мекемелерінің өкілдерімен кездесті.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ж.Тәжиева, Жобалық кеңсе басшысы Е.Төлебаев, 140 мектеп директорлары мен ата-аналар қатысты.

Кездесудің мақсаты — білім беру мекемелеріндегі ақша жинау, заңсыз сыйақы алуға байланысты мәселелерді талқылау болып табылады.

Шара барысында Департамент басшысының орынбасары Т.Серікбаев «Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігінің кепілі болып табылатын сапалы білім беруге ұмтылады. Барлық жетекші елдер адам капиталының жоғары деңгейі есебінен ғана өркендеуге қол жеткізді. Алайда, өкінішке орай, стратегиялық мақсаттарға тиімді қол жеткізуге сыбайлас жемқорлық кедергі келтіруде» деп атап өтті.

Т.Серікбаев білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы айтып, өңір бойынша тіркелген қылмыстық істерге тоқталды.

Мектептердегі ақша жинауға тыйым салу және заңсыз сыйақы алған тұлғалардың жауапкершілігіне, сондай-ақ қамқоршылық кеңестерінің жұмысына баса назар аударылды.

Қалалық білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ж.Тәжиева білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын сақтау бойынша баяндама жасады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында «Мектептерде ақша жинауға жол жоқ» акциясы бастау алды.

Іс-шара спикерлері қатысушыларды аталған акцияға белсенді қатысуға шақырды.