Шымкенттік полицейлер 3-орын алды

159

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е.Тұргымбаевтың тікелей қолдауымен ағымдағы жылдың 10 қазанында Голландияның Грунло қаласында әлем полицейлері арасында кіші футболдан өткен «World Police Indoor Soccer Tournament» Халықаралық турниріне Шымкент қаласы Полиция департаментінің құрама командасы жолданды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің намысын қорғап барған шымкенттік полицейлер 204 команданың ішінен жүлделі 3 орынды иеленіп, жеңімпаз атанып қайтты.

Бүгін женімпаздарды әуежайда қала тұрғындары, туған-туыстары, әріптестері мен Шымкент қ. ПД-нің басшылығы қошеметпен қарсы алды.

Полиция қызметкерлерінен құралған команда мүшелері шетелдегі ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп, жанкүйер болып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыстарын білдірді.

 

QAINAR KÓZШымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі