«Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті

277

Ағымдағы жылдың 9-16 қараша аралығында Шымкент қаласы Полиция департаментінің ювеналды полиция, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік және көші-қон қызметінің қызметкерлерімен кәмелетке толмағандардың қайыршылықпен айналысу фактілерінің жолын кесу және олардың құқықтарын бұзуға жол бермеу мақсатында «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен қаладағы мектептердің оқушыларына және жайсыз отбасы есебінде тұрған азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
«Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасының шеңберінде Еңбекші АПБ-ның қызметкерлерімен ата-анасыз немесе заңды өкілінсіз жүрген 21 жасөспірім анықталып, сонымен қатар 9-жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

«Қаратау» АПБ-ның қызметкерлерімен 45 азамат анықталған, оның ішінде 31-і қабылдап-тарату орталығына жеткізіліп,14-не әкімшілік хаттамалар толтырылды; Абай АПБ-ның қызметкерлерімен 28 әкімшілік хаттамалар толтырылып, 2 азамат қабылдап-тарату орталығына жеткізілді; Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша 10 хаттама толтырылды.

 

QAINAR KÓZШымкент қ. ПД-нің Баспасөз қызметі