Шымкент қаласының екі басқармасына жаңа басшы тағайындалды

653

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мен цифрландыру басқармаларына жаңа басшы тағайындалды.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасының басшысы болып Тұрханов  Абай Абдиманафұлы тағайындалды. Абай Абдиманафұлы осыған дейін қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары  басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.

А.Турханов 1984 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша тасымалдау және жол қозғалысын ұйымдастыру.

Еңбек жолын 2007 жылы Шымкент филиалының жол белгілері бойынша маман болып бастаған. 2008-2018 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

Ал, цифрландыру басқармасының басшысы лауазымын  Оспанов Айдос Бахытжанұлы атқаратын болады.

А.Оспанов 1987 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша каржыгер, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының магистрі.

Еңбек жолын 2009 жылы Астана қаласының  Салық саясаты және кеден заңнамасы басқармасының сарапшысы болып бастаған. 2010 — 2018 жылдары аталған мекемеде  бас сарапшы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2018-2019 жылдары ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы, Шымкент қаласы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарған.