Шымкент: Мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды

301

 

Шымкент қаласында мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Қала әкімінің өкімімен бұл лауазымды енді Әміржанов Хамит Уадутбекұлы атқаратын болады.

Хамит Уадутбекұлы – 1981 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша қаржыгер.
Еңбек жолында Қостанай облысы, Амангелді ауданы бойынша салық комитетінің маманы, ҚР Қаржы министрлігі қаржыны ішкі әкімшілендіру департаментінің бас маманы, Қаржы министрлігі мемлекеттік орган қызметін қамтамасыз ету департаменті материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, аталған басқарманың басшысы қызметін атқарған.

Ал, 2010-2020 жылдар аралығында Қаржы министрлігі мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету департаменті материалды-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, Мемлекеттік органның бюджет қаражатын әкімшілендіру және басқару департаменті мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, Қаржыларды ішкі әкімшілендіру департаменті мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы, ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу комитетінің басқарма басшысы және Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы және мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек еткен.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі