Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының орталығы Ақсу кентінде инсульт алған әйелдерге арналған «Возрождение» сауықтыру кешені өз жұмысын бастады. Ақсукент ауылында ашылған орталықта науқас нәзікжандылар дене жарақатынан кейін оңалту және қозғалыс қызметін қалпына келтіруді қажет ететін көмек ала алады.
Емдік-сауықтыру кешенінде дене шынықтыру сабақтары мен тірек-қимыл функцияларын қалпына келтіру курстары жүргізіледі. Оңалту және қалпына келтіретін уқалау емдері жасалады. Тәжірибелі, білікті мамандар тірек-қимыл функцияларын дамыту және қалпына келтіру бойынша жұмыс істейді, диеталардың, ауыз су ішу режимінің сақталуын қадағалайды. Тегін массаж қызметтерін көрсетеді. Орталықта барлық қажетті сауықтыру құралдары, массаж және невропатолог дәрігердің консультациясын алуға болатын кабинеттер бар.
«Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі «Әрекет» жобасының арқасында өңірлерде қоғамға пайда әкелетін түрлі жобалар ашылатыны қуантады. «Возрождение» сауықтыру кешені — бұл әрекеттегі әлеуметтік кәсіпкерліктің үлгісі. Біріншіден, инсульт алған әйелдерге көмек көрсету арқылы әлеуметтік проблема шешілуде. Екіншіден, Қоғамдық бірлестік ақылы қызмет көрсету арқылы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ете алады және одан әрі гранттар мен әлеуметтік тапсырыстарға аз тәуелді болады», — деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Қорының өкілі Жанар Жақсылықова.
Аталған жоба «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Әрекет» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жобаны жүзеге асырудың 9 айында сауықтыру кешені инсульт алған 30-дан астам әйелдерді қамтиды деп жоспарлануда. Оларға көмек тегін көрсетіледі, бұл ретте халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне ерекше көңіл бөлінеді. Орталықта сау әйелдер де көмек пен кеңес ала алады, олар үшін ақылы қызмет көрсетіледі.
Айта кету керек, «Возрождение» сауықтыру кешені өз қызметтерін нарық бағасынан төмен бағамен ұсынады және оңалту, массаж және салауатты өмір салтын жүргізу бойынша бірнеше бағыт ұсынады. Осылайша, «Возрождение» сауықтыру кешенінің ашылуының арқасында инсульт алған әйелдердің басым бөлігі енді өз өңірінде оңалту қызметтерін ала алады.
Студент кезінде инсульт алған «Возрождение» жобасының үйлестірушісі Насиба Халходжаеваның жеке тарихы «Generation» Қоғамдық бірлестігімен бірге Сайрам ауданында сауықтыру кешенін құруға негіз болды. Осылайша, ол бұл фактор сауықтыру кешенін құрудың негізі болғанын айтады.
«Мен ауырып, онымен күрескен күндер мен айлар өмірімдегі ең қорқынышты сәт болды. Бірақ бұл күрделі жолдан өтіп, кейіннен ана атанып, қуанышқа кенелдім, ең бастысы — осындай өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге көмескім келетінін және көмектесе алатынымды түсіндім. Біздің «Возрождение» жобасы осылай дүниеге келді», — дейді Насиба Халходжаева.
Науқас келіншектер қосымша ақпарат алу үшін келесі нөмірлер арқылы хабарласуға болады: + 7 778 556 06 99 Насиба Халходжаева