Түркістан облысы мен Шымкентте күн суытады

223

Синоптиктер циклонның әсерінен  алғашқы күндері  Түркістан  облысы мен Шымкент қаласында күн суытады дейді.

Облыстың басым бөлігінде жауын-шашын, таулы аумақтарда жаңбыр қарға ұласады деген болжам жасауда. Сонымен қатар, өңіріміздің кейбір жерлерінде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел тұруы ықтимал дейді.

Жанат Жәрменова, жетекші синоптик

Жанат Жәрменова, жетекші синоптик: «Түркістан облысы мен Шымкентте күн суытады. Ауа температурасы күндіз +10, +15 градустан  +5, +10 градус  жылылыққа дейін төмендейді. Түнде сынап бағанасы -0+5 және +2 градусты көрсетеді»

Шынар Оразова