«Тәуелсіздікпен диалог» іс-шарасы өтті

312

“ТӘУЕЛСІЗДІКПЕН ДИАЛОГ” осындай атаумен «Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен мерекелік іс шара ТЕТ форматта өтті.

Мұнда қатып қалған әдеттегі сценарий мен әдепкі дәстүр ысырылып тасталды. Еркін форматта өткен әсерлі кеш көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады. Сахнаға өз ойын жеткізіп Тәуелсіздікпен диалог құруға алғашқы спикер болып, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов шықты.

Тәуелсіздік ОЛ-БІЗ! Ол –біз тұрып жатқан Мемлекет-Қазақстан. Ол Азаматтық қоғамның белсенділігі. Біз ойымыз еркін, қайырымды қаланың тұрғындарымыз- деді спикер. Тәуелсіздікпен диалогты одан әрі «Бал текстиль» кілем фабрикасының директоры Талғат Ысқақов мырза жалғастырды. Отандық өнім- Ұлт мақтанышы. Ол біздің экономикамыздың тәуелсіздігінің кепілі. Отандық өнімді шеттен келгендер емес өзіміздің азаматтар шығарады. «Қазақстанда жасалған» деген осы сөздерді оқығанда сіздің бойыңызды мақтаныш сезімі кернейтіні анық, деді спикер өз сөзінде.

Республикалық параолимпиада ойындарының жеңімпазы және жуырда ғана Германияда өткен Дүниежүзілік жеңіл атлетика спорттық жарыстарының 3-орын иегері Ермек Қалымбетов сахнаға шығып сөзін жалғастырды. Көк тудың көкке көтеріліп, желбіреуі- біздің еңсеміздің көтерілуі. Көк туға көз тоқтатқанда, одан мемлекетіміздің азаттығы, біздің жанымыздың тазалығы көрінеді деді спикер.

Төртінші спикер болып, эстафетаның қадірлі жалғастырушысы жазушы Мархабат Байғұт ортаға шықты. Көк тудың желбірегені- бұл жалпы халықтың эстафетасы. Бұл Қазақстан атты мемлекеттің азаматтарының Туға деген махаббаты мен құрметі деп сөзін аяқтады. Тәуелсіздік мерекесіне орай 20 кәсіподақ мүшелері және эстафетаға қатысқан үздіктер марапатталды.

Сонымен қатар, жыл бойы жалғасқан «Көк Тудың желбірегені» эстафетасы қорытындыланып, Ш.Қалдаяқов атындағы филармониясында кереметтей ән мен биге толы кеш өтті.