Жуырда отандық нарықта орны бар «Оңтүстік Құрылыс Сервис» ЖШС-і тағы да бір тұрғын үй кешенін пайдалануға тапсырады. «Премьера» деп аталатын зәулім баспаналар Шымкенттегі «Нұртас» шағынауданында бой көтеріп жатыр. Заманауи талаптарға сай ыңғайлы пәтерлерді қалай сатып алуға болады? Қандай жеңілдіктер қарастырылған?
Тап қазір болашақ зәулім үйдің қабырғалары қаланып, инженерлік-коммуникациялық жүйелері жүргізіліп жатыр. Қыстың көзі қырауда жұмысшылар сәні мен салтанаты келіскен баспаналарды тапсыру үшін екі ауысымда қызу жұмыс істеп жатыр.
«Нұртас» шағынауданында бой көтеріп жатқан қос кіреберісті үйлер 5 қабаттан тұрады. Қалалық әкімшілік ғимаратқа жақын аумақта салынып жатқан 80 пәтер бизнес класстың жайлылық деңгейіне жатады.
Ислам Смайылов, «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС-нің инженері: «Бизнес класқа жататын 5 қабатты тұрғын үйге дыбыссыз жедел саты орнатылады. Сыртқы әрлеу жұмыстары травертиннен жасалады. Автономды жылыту жүйесіне қосылады. Құрылыс материалдарының барлығы да сапалы әрі ұзақ жылға шыдас береді».
Бастысы, сапаға көңіл бөліп отырған мамандар құрылыста тек сертификатталған тауарларды ғана пайдаланып жатырмыз дейді. Құрылыс барысы барлық талаптарға сай жүргізілуде. Тұрғын үй кешені аумағында балалар алаңдары мен көлік тұрақтары қарастырылған. Жобаға сай аумақ толықтай абаттандырылады дейді мамандар.
Саят Рысмединов, «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС-нің учаске басшысы: «Пәтерлерді сатып алу үшін қолайлы шарттар ұйымдастырылып отыр. Мұнда бөліп төлеу арқылы сатып алу да қарастырылған. Қазіргі таңда 5 қабатты бизнес санатындағы 2 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде».
Көп қабатты зәулім үйлердің құрылысы мамыр айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Ендеше, жайлы әрі кең пәтерлерді қолжетімді бағада сатып алуға асығыңыз.