Шымкентте жөргек ұрлап жүрген ұры ұсталды 

277

2020 жылдың 4 және 5 қаңтарында полицияға белгісіз адам жергілікті дәріханалардан «Хаггес гига» маркалы жөргектерді ұрлап кеткендігі туралы бірнеше хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Ол бұрын сотты болған 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби және Абай АПБ-ның қызметкерлері қаскүнем ұстады. Тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында ұсталған азаматтың тағы үш қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Ол ұрланған заттарды сатып, ақшаны өз қажеттілігіне жаратқан.

Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 187-бабы (ұсақ-түйек жымқыру) бойынша қылмыстық іс басталды.

QAINAR KÓZШымкент қ. Полиция департаментінің Баспасөз қызметі