Тағы бір оқу орны лицензиясынан айрылды.

168

Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университеті жұмысын тоқтатады. Білім ордасында өрескел олқылықтар анықталған.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне қарағанда, кейбір талапкерлер оқуға шығармашылық емтихандарсыз қабылданған. Тіпті кей шәкірттерден медициналық анықтама мен ҰБТ сертификатының түпнұсқасы да талап етілмепті. Оқу орны басшылары бұл кемшіліктердің бірін де жоққа шығармайды.

Ал қызметкерлер мен студенттердің ендігі тағдыры заң аясында шешілетін болады дейді жауаптылар. Шәкірттер өзге білім беру мекемелеріне ауыстырылатын болады. Ал оқу ақысынан жеңілдіктер жасалған студенттердің құқы да қорғалады дейді жауаптылар.

Сәндібай Боранбаев, Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университеті ректоры: «Министрліктердің қолдауымен ондай студенттердің жеңілдіктерінің сақталуына ықпал етеміз. Біз анықталған барлық кемшіліктермен келісеміз. Сондықтан да сотқа қайта арыз түсірмейміз».

Мақпал Рысбаева