Оңтүстікте Өзбекстанмен шекаралас аудандардағы жолды жөндеуге 1 млрд. теңге бөлінді

101

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс 46 сессиясына ұсынылған 6 мәселенің өзектісі 3 жылға арналған облыс бюджетін нақтылау.

Түркістан облыстық стратегия және экономикалық даму  басқармасының басшысы Арман Абдуллаев: «2020 жылға арналған облыс бюджетінің көлемі 3,3 млрд. теңгеге  ұлғайып,  606, 6 млрд. болып бекітілді. Қаражат аса қажетті салаларға бөлінді. Атап айтсақ, Оңтүстіктегі Өзбекстанмен шекаралас аудандардағы күрежолдарды жөндеуге — 1 млрд. теңге, Теріскейдегі Жамбылға барар Жаңатастан бастауын алатын жолды, Темірлан ауылындағы Қажымұқан атындағы көше жолының құрылысына 100 млн. теңгеден бағытталды».

Шынар Оразова