Шымкент мұнай өңдеу зауыты қауіпсіздік шараларына баса назар аударады

552

Шымкент мұнай өңдеу зауытында өрт қауіпсіздігіне аса көңіл бөлінеді.

Әсіресе жаңғыртудан өткен кәсіпорында өрттің алдын алу, техника қауіпсіздігі шаралары үнемі назарда. «ПетроҚазақстанОйл Продактс» серіктестігінде өндірістегі бөлім басшылары мен мамандарына өрттің алдын алуда қолданылатын жаңа технологиялар алдымен таныстырылды. Соңынан оны іс жүзінде қолдануды үйренді. Нұрлан Досымбеков, «ПетроҚазақстанОйлПродактс» ЖШС-нің бас техникалық директоры: «Өздерңізге мәлім, мұнай өңдеу зауыты жаңғыртудан өтті. Нәтижесінде, мұнайды тереңдетіп өңдеу артып, дайын өнімнің сапасы мен көлемі ұлғайды. Кәсіпорынның тоқтаусыз және еш кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін барлық қауіпсіздік шаралар қатаң сақталады. Әсіресе өрттің алдын алу шараларына қатты көңіл бөлінеді. Зауытта мамандарға үнемі қауіпсіздік шаралары бағытында әлемде қолданылып жатқан жаңа технологиялар таныстырылады».

Шымкент мұнай зауытында техникалық қауіпсіздікке жауап беретін арнайы қызмет бар. Мамандары кез-келген оқыс оқиғаның алдын алуға және оны жоюға дайын. Бұл үшін қажетті құрал-жабдықтар да бар.

«Өрт сөндіру қызметінде 8 дана өрт сөндіру көлігі мен 138 жеке құрамы қызмет етеді. Кәсіпорындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Ол үшін өртті ауыздықтау бойынша оқу жаттығулары болады. Кеше ғана сондай шараға қатыстық»,- дейді  зауыттағы өрт сөндіру қызметінің бастығы Александр Татаринцев.

«ПетроҚазақстанОйлПродактс» – ең алдымен қауіпсіздік» ұстанымына берік сала мамандары қолданыстағы еңбек, техникалық, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау бойынша міндет алған.

Шынар Оразова