Úı ANONS Қауіпсіздік бақылауда: Түркістанда “SOS” батырмаларын тексерді

Қауіпсіздік бақылауда: Түркістанда “SOS” батырмаларын тексерді

фото egemen.kz
Түркістан облысында мектептердегі қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында полиция қызметкерлері SOS батырмасының іске қосылуын және оның жұмыс істеу тәртібін тексерді. Бұл шара Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығымен ұйымдастырылды.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарындағы жедел хабар беру жүйесінің (SOS батырмасының) техникалық жағдайын, дабыл түскен кезде полицияның әрекет ету алгоритмін және жедел топтардың оқиға орнына жету уақытын қадағалады.
Полицейлер мектеп әкімшілігімен және күзет қызметімен кездесіп, қауіпсіздік шараларының маңыздылығын атап өтті. Ол SOS батырмасы — балалар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі екенін, төтенше жағдай туындаған кезде полицияға бірден хабар беруге мүмкіндік беретінін түсіндірді.
▫️Сондай-ақ, оқу орындарындағы бейнебақылау камераларының жұмыс істеу сапасы, кіру-шығу жүйелерінің қауіпсіздігі және төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл жоспарының орындалуы да назардан тыс қалмады.