Шымкент қаласы полиция департаментінде тағы да кадрлық ауыс-түйіс.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың 2020 жылғы 19-ақпандағы №96 ж/қ бұйрығымен Шымкент қаласы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы лауазымына полиция подполковнигі Абдраманов Дәулеткелді Амангелдіұлы тағайындалды.
Ол бұған дейін Түркістан облысы Полиция департаменті Сайрам ауданы Полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Шымкент қаласы полиция департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасының бастығы лауазымына полиция полковнигі Тленчин Арман Кайбарович тағайындалды.
Ол бұл қызметке дейін көліктегі полиция департаменті Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы болған.
Мөлдір Бекеева