Шымкенттік боксшы халықаралық турнирде топ жарды

232
Сабырхан Махмуд

Ақпан айының 3-8 күндері аралығында Дебреценде (Венгрия) бокстан Халықаралық «Иштван Бочкай» турнирі өтті. Шымкенттің қоржынында тағы да – алтын, – деп хабарлайды  shymkent.gov.kz. 

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 4 қола медальға қол жеткізді.

52 келідегі салмақтағы шымкенттік, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың 1-курс студенті Сабырхан Махмуд финалда Үндістанның боксшысын ұтып, алтын алқаға ие болды.