«Сracking catalуst » ЖШС-і үлкен нарыққа шықты

142

Шымкент өндіріс аймағында орналасқан «Сracking catalуst » ЖШС -і дайын өнім шығарып, оны нарыққа шығарып сатуды бастады.

Соның арқасында биылғы жылды табыспен аяқтап отыр. Кәсіпорын өз жұмысшыларына жалақыға қосымша сыйақы төлеп қана қоймай, қала бюджетіне қомақты салық төлеп, қайырымдылықтан да қалыс қалмай келеді.
«Сracking catalуst » ЖШС -нің жүк түсіретін алаңында жұмыс қызып тұр. Шетелдік серіктестерден келген шикізатты қоймаға тасу керек. Мына қаптардағы каталитикалық крекинг өндіріске қажетті басты шикізат.

Кәсіпорын қытайдың компанияcымен тығыз қарым-қатынаста.
Тәжіхан Жақсыбаев, «Сracking catalуst » ЖШС-інің бас директоры: «Өткен жылды жемісті қорытындыладық. Біздің кәсіпорын үшін табысты жыл болды. Жоспарларымыз жүзенге асып, дайын өнімді толық көлемде шығардық және оны өткіздік. Түскен табыстан жергілікті қазынаға салықтарды дер кезінде төлеп, жылдың қорытындысы бойынша қызметкерлерге сыйақы да бердік».

Ашылғанына биыл 3 жыл болатын кәсіпорын өндірісте аса қажетті каустикалық сода да өндіреді. Кәсіпорынның басты бағыты – Шымкент мұнай өңдеу зауытын каталитикалық крекинг қондырғыларымен қамту. Бұл қондырғылар жанар-жағармай мен мотор майларын өндіруде барысында мұнайды терең өңдеуге мүмкіндік береді.

Тәжіхан Жақсыбаев, «Сracking catalуst » ЖШС-нің бас директоры: «Тоқтаусыз істеп тұрған өндірістің арқасында, әлеуметтік жобаларға үнемі қатысып, қаламыздың өркендеуіне үлесімізді қосып келеміз. Біздің ұжым қайырымдылық шараларынан қалыс қалған емес. Былтыр спорт мектептеріне құрал-жабдықтар, балаларға спорт киімдерін сатып алу үшін қорға қомақты қаржы аудардық. Жұмысшыларымыз ыстық тамақпен қамтылған, тоқсан сайын жалақыларына қосымша сыйақы алып тұрады».

Серіктестік басшылығы жыл басында алған қарқынымызды бәсеңдетпей, дәл осы бағытта жұмыс жасап, биыл да жақсы көрсеткіштерге жетеріне сенімді. Ол үшін жұмыс күші де, қажетті шикізат та замануи жабдық та бар.

Шынар Оразова