Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде қысқа мерзімді оқу курсын аяқтап тиісінше қайтарымсыз 200 АЕК көрсеткіш шеңберінде 505 мың теңге қаражат алып оған арманындағы тігін машинасын алған жетісайлық жас ана Нұргүл Маханбет.
Балаларға арналған танымал мультфильм кейіпкерлері бейнеленген жастық, қуыршақ, қобдишалар жасап келеді. Мұнда жасалатын балалар ойыншығы өте сапалы тігіледі. Оның ішіне салынатын холлофайбер толтырғышы гиппоаллергенді болып табылады. Яғни адам денсаулығына зияны жоқ. Кәсіпкердің айтуы бойынша сыртқы мата жабындыларын арнайы Ресейден, ал ішкі толтырғыштарын Алматы қаласынан арнайы тапсырыспен алдырады екен.
«Қазіргі таңда күніне 5-6 данадан артық тапсырыс қабылдамауға тырысамын. Менің ұстанымымда алған тапсырыстарымды 1 күн ішінде жасап бітіруім керек. Жасаған дүниемнің сапалы әрі әдемі дизайнмен шығуы үшін асықпай жұмыс жасауым керек. Сол үшін көп тапсырыс алығым келмейді. Оның үстіне үй жұмысы балаға қарау деген сияқты шаруаларда жоқ емес. Әрине бұның барлығы уақытша деп ойлаймын, алдағы уақытта кәсібімнің көлемін кеңейтіп ауқымды дүниелер жасаймын» дейді жас кәсіпкер Нұргүл.
Қосымша айта кететін болсақ, бүгінгі күнге дейін Жетісай ауданы бойынша былтырғы жылы 531 адам «Еңбек» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді оқу курсын аяқтаған, ал осы уақытқа дейін жалпы 780 адам 505 мың теңгеден қайтарымсыз қаражат алған.