Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 284-ке жетті, деп хабарлайды coronavirus2020.kz
«30 наурыз сағат 00.20-дағы жағдай бойынша коронавиурс індетін жұқтырудың тағы бір оқиғасы Ақтөбе облысында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында — 167 адам, Алматы қаласында – 70 адам, Қарағанды облысында — 7, Ақмола облысында — 6 адам, Атырау облысы — 12 адам, Жамбыл облысында -3 адам, Шымкент қаласында — 2 адам, Шығыс Қазақстан облысында — 2 адам, Алматы облысында — 6 адам, Ақтөбе облысында — 2 адам, Солтүстік Қазақстан облысында — 1 адам, Павлодар облысында — 1 адам, Маңғыстау облысында — 1 адам, Қызылорда облысында — 2 адам, Батыс Қазақстан облысында — 2 адам, жалпы 284 науқас тіркелді», — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында жаңадан анықталған жағдай туралы онлайн-брифинг барысында айтылған болатын. Науқас Түркияның Ыстанбұл қаласынан Ақтауға, Ақтаудан Ақтөбеге ұшып келген. Ұшақтан түскен барлық 18 адам оқшауланып, анализ алынды.