Қазақстандағы айырбастау нүктелері долларды 408 теңгеге сатуда

189
Newsroom.kz.

Қазақстан қалаларындағы айырбас нүктелеріндегі доллардың бағасы 408 теңгеге дейін көтерілді. Алайда Қазақстан қор биржасында таңертеңгілік сауда-саттықтың нәтижелері әлі белгілі болған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Kurs.kz порталының мәліметінше, оңтүстік астананың айырбас нүктелеріндегі доллардың құны 408 теңгені құрады. Кейбір айырбас пунктілерінде «америкалықтың» бағасын 407 теңгеден көруге болады.

Алматылық айырбас нүктелеріндегі доллардың ең жоғарғы бағасы – 408,1 теңгені құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, тоғызыншы наурызда мұнайдың әлемдік бағалары құлдырағаннан кейін Қазақстанның айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 399 теңгеге дейін көтерілді.

Осыдан кейін Қазақстанның Ұлттық Банкі дүниежүзілік нарықтық жағдай аясында баға тұрақтылығын қолдау мақсатында базалық мөлшерлеменің өзгергенін хабарлады.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов журналистермен тілдесу кезінде ақшаны теңгемен сақтау керек пе әлде долларға айырбастаған жөн бе деген сауалға жауап берген болатын.

Сондай-ақ министр валюта бағамының күрт өсуіне байланысты елімізде азық-түлік пен электорника бағасының қалай өзгеретінін айтып берді.

Сонымен қатар, Нұрфин журналистері нарықтағы тұрақсыздық кезінде ақшаны қалай сақтаған жөн екенін анықтау үшін қаржы сарпшысы Александр Жулевпен сұхбаттасты.