Алматы облысында 1 адамнан коронавирус анықталды, елдегі науқастар саны 53-ке жетті

114
фото inform.kz

Алматы облысында коронавирус жұқтырудың 1 жағдайы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша 21 наурыз сағат 12.00-дегі мәліметтерді жариялады. «Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Талдықорған қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында — 2, Талдықорған қаласында — 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелді», — делінген ақпаратта.