Шымкентте қоғамдық көліктер зарарсыздандырылуда

413

Шымкентте коронавирустан сақтану шаралары жүргізілуде.

Жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық көлік компаниялардың арасында 18 бағыт бойынша қызмет көрсететін «Шымкентбас» серіктестігі алғашқылар болып залалсыздандыруды қызметкерлеріне үйретуде.

Жұмыс аяқталған бойда «Шымкентбас» серіктесігінің автобустары парк аумағындағы жуу бекетінде жуғыш заттармен көліктерді толық жуып шығады. Доңғалақтардан бастап терезе, сыртына дейін. Тазалық шаралары барысында автобустың ішкі жағы да салонындағы едендер жуылады. Екінші кезеңде автобус залалсыздандырылады. Бұл шараларды әзірге келісімшартқа тұрған Шымкенттегі дезинфекция орталығының мамандары жүргізуде.

Гүлнар Сәдібекова, «Шымкент дезинфекция» орталығының маманы: «Шымкентбас» ЖШС -і біздің мекемемен дезинфекция жасауға  келісімшартқа алғашқылардың бірі болып  тұрды. Осы аптаның соңына дейін залалсыздандыру жүргіземіз. Қос мекеменің қызметкерлеріне дезинфекция жасауды үйретудеміз.

Елікбай  Тоқбергенов, «Шымкентбас» ЖШС-нің директоры: » Біздің  көлік компаниясы 18 бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдайды. 300 автобустың 256-ы бүгінде кесте бойынша жұмыс атқаруда. Дизстанция мамандарының берген есебі бойынша 1 шаршы метр алаңға 250 теңге. Бір күнде залалсыздандыруға 1 автобусқа 5 мың кетеді. 200 автобусты дезинфекция жасағанда 1 күнде 1 млн теңге кетеді. Біз бұл шығындарды азайту үшін қызметкерлерді үйретудеміз. Көлік жүргізушілері мен қызметкерлерді үйретеміз. Бір маманға сертификат бір жылға беріледі».

Осы аптада залалсыздандыру шараларын сала мамандарымен бірге серіктестіктің 8 қызметкері үйренеді. Ең бастығы жолаушылардың қауіпсіздігі. Коновирустың алдын алу мақсатында сақтық шараларын тек көлік компаниялары ғана емес, жолаушыларда қатаң орындаса, шығын аз болатыны мәлім…

Шынар Оразова