Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасы бойынша қаладағы бірнеше тігін кәсіпорны бүгіннен бастап медициналық маскаларды тігуді бастады.
Солардың бірі — «Гауһар» тігін фабрикасы. Аталмыш фабриканың жұмысымен бүгін шаһар басшысы арнайы келіп танысты.
Мұнда 450 қызметкер күніне 500 мың масканы тігуге мүмкіндігі бар. Осылайша қала тұрғындарының сұранысы толық қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, маскалар тұрақты бағамен сатылады.