Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 973-ге жетті

116
фото Liter.kz

13 сәуір сағат 11.10-да эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирус індетін жұқтырған тағы 11 адам Қарағанды облысында тiркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлайды.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 253 адам, Алматы қаласында – 172 адам, Қарағанды облысында – 76 адам, Ақмола облысында – 71 адам, Атырау облысында – 59 адам, Жамбыл облысында – 46 адам, Шымкент қаласында – 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 21 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 10 адам, Маңғыстау облысында – 10 адам, Қызылорда облысында – 119 адам, Батыс Қазақстан облысында – 9 адам, Түркістан облысында – 43 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 972 науқас тіркелді.